2025 жылы Астана халқы шамамен 90 мың адамға өсті: көші-қон сальдосы +87 459 болды

2025 жылы Астана халқы шамамен 90 мың адамға артты. Бұл — республикадағы барлық қалалар арасындағы ең жоғары көрсеткіш.
Өткен жылы Астанадағы көші-қон сальдосы +87 459 адамды құрады. Бұл астана халқы көші-қон есебінен тәулігіне шамамен 240 адамға көбейіп отырғанын білдіреді.
Анықтама: Көші-қон сальдосы — белгілі бір уақыт аралығында елге (немесе өңірге) келген адамдар саны мен одан кеткен адамдар санының айырмасы.
Оң көші-қон сальдосы Алматыда (33 126 адам), Шымкентте (15 130 адам) және Алматы облысында (12 110 адам) да тіркелді.
Ал халықтың ең көп кетуі оңтүстік өңірлерде байқалды: Түркістан облысы (−42 649 адам), Жамбыл облысы (−21 179 адам) және Жетісу облысы (−13 018 адам). Сондай-ақ Қызылорда облысының халқы шамамен 12 мыңға, ал Абай облысында шамамен 10 мыңға азайған.
2025 жылы Қазақстанға келгендер саны 23 761 адамды, ал елден кеткендер саны 7 608 адамды құрады.
Негізгі көші-қон алмасуы ТМД елдерімен жүретіні көрсетілді: келгендердің үлесі 81,8%, ал кеткендердің ТМД елдеріне тиесілі үлесі 71,8% болды.
Бұған дейін 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны аталып, бір жыл ішінде қазақтардың саны 212 576 адамға артқаны хабарланған.


