Тоқаевқа Қазақстандағы криптовалютамен жасалған алғашқы төлем көрсетілді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстандағы криптовалютамен жасалған алғашқы төлем көрсетілді.
Төлем отандық CryptoPay жүйесін пайдалану арқылы жүзеге асырылғаны атап өтілді.
Бүгін Мемлекет басшысы Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығына барды. Орталық ғылыми зерттеулерге, білім беру бағдарламаларына, стартап-бастамаларға және жасанды интеллект саласындағы қолданбалы шешімдерді іске асыруға мүмкіндік береді. Жүзеге асырылып жатқан жобалар ЖИ технологияларын мемлекеттік секторға, бизнеске және күнделікті өмірге енгізуге бағытталған.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Astana Smart City жобасын іске қосты. Бұл — жаңа буындағы зияткерлік қалалық инфрақұрылымды құруға бағытталған негізгі бастама.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


