Air Astana Таяу Шығысқа рейстердің тоқтатылуын 31 мамырға дейін ұзартты

Air Astana Таяу Шығыс бағытындағы рейстердің тоқтатылуын 31 мамырға дейін ұзартты.
Әуекомпанияның баспасөз қызметі мәліметінше, шешім өңірдегі жағдайдың әлі де күрделі болуына байланысты қабылданған.
«Таяу Шығыстағы сақталып отырған шиеленісті жағдайға байланысты Air Astana әуекомпаниясы Дубайға тұрақты рейстердің тоқтатылуын 31 мамырды қоса алғанда ұзартты», – деп хабарлады компания.
Жойылған рейстердің жолаушыларына төмендегі нұсқалардың бірі ұсынылады:
- әуе билеті құнын айыппұлсыз толық қайтару;
- сол қызмет көрсету класында 31 шілдені қоса алғанда ұшатын рейстерге тегін қайта брондау;
- Air Astana рейстеріне айыппұлсыз маршрутты өзгерту, бірақ тариф айырмасы мен әуежай алымдарының айырмасын қосымша төлеу арқылы (31 шілдені қоса алғанда ұшатын рейстерге).
Әуе тасымалдаушысы сондай-ақ: егер билет бұған дейін айыппұл ұсталып қайта брондалған болса, ұсталған сома қайтарылмайтынын нақтылады.
Компания өңірдегі жағдайды бақылауды жалғастырып, өзгерістер болған жағдайда жолаушыларды хабардар ететінін айтты.
Сондай-ақ, 20 сәуірден бастап немістің Lufthansa әуекомпаниясы қазанға дейін 20 мың рейсті тоқтатқаны айтылды.
Оқыңыз: Катар шетелдік әуе рейстері үшін аспанын ашады
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


