Атырау облысында пәтерден газ иісі шығып, ес-түссіз жатқан әйел ауруханаға жеткізілді

Атырау облысының Полиция департаменті оқиға орнына келген қызметкерлердің пәтерден шыққан өткір газ иісін сезгенін хабарлады. Осыған байланысты олар есікті ашу туралы шешім қабылдаған.
Пәтердің ішінен полиция қызметкерлері ес-түссіз жатқан әйелді тапқан. Оны сыртқа шығарып, қызметтік көлікпен шұғыл түрде ауруханаға жеткізген.
Кейін анықталғандай, асүйде газ плитасының конфоркалары ашық күйде қалып, бұл қауіпті газдың таралуына әкелген. Полиция қызметкерлері авариялық газ қызметін шақырған.
Қазіргі уақытта болған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тексеру жүргізіліп жатыр.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


