Астана полициясы: шетелдіктердің қару-жарақ арсеналымен ұсталғаны туралы ақпарат расталмады

Астана қаласы Полиция департаменті шетелдіктердің қару-жарақ арсеналымен ұсталғаны туралы тараған ақпараттың дұрыс емес екенін хабарлады.
Сонымен бірге полиция тұрғын үйге заттардың кіргізілгені фактісін растады. Өтініш сақ тұрғыннан түскеннен кейін оқиға орнына полицейлер жедел жеткен.
Тексеру барысында жәшіктің ішінде тарихи және мәдени құндылығы бар антикварлық қару-жараққа қатысты заттар болғаны анықталды. Сарапшылардың қорытындысына сәйкес, бұл бұйымдар заманауи жауынгерлік қаруға жатпайды. Полиция мәліметінше, тұрғындар үшін қауіп жоқ.
Дегенмен, полиция қолданыстағы заңнама аясында тексеру жүргізіп жатыр.
Азаматтарға сабыр сақтап, жалған ақпарат таратпау жөнінде үндеу жасалды.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


