Қызылсуат ауылы маңындағы өртті сөндіру кезінде құтқарушылар шұңқырға құлаған құлынды алып шықты

Ақмола облысы Қызылсуат ауылы маңында ашық аумақта құрғақ шөптің жануы тіркелді.

Өртті сөндіру жұмыстары кезінде елордалық құтқарушылар шұңқырға құлап кеткен құлынды байқап, оны алып шықты. ТЖМ қызметкерлері жануарға жедел көмек көрсетті.
Оқиға орнында Астана қаласы мен Ақмола облысының бөлімшелері жұмыс істеп жатыр. Өртті сөндіруге 73 жеке құрам қызметкері және 8 техника жұмылдырылған.
Сөндіру жұмыстары жалғасуда.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


