Құтқарушылар еліміздің екі өңірінде болған екі өртті бір мезгілде сөндірді

«Ауыл құтқарушылары» еліміздің әртүрлі өңірлерінде болған екі өртті жедел түрде сөндірді.
Абай облысы Жарма кентінде жеке тұрғын үй аумағында өткен жылғы шөптің жануы орын алды. Өрт жедел оқшауланып, сөндірілді, оның тұрғын үйлерге таралуына жол берілмеді.
Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Берёзовка ауылында ашық аумақта құрғақ шөп жанды. Өрттің жалпы аумағы 1 гектарды құрады.
🧑🚒 Жедел әрекеттердің нәтижесінде екі өрт ошағы да толықтай сөндірілді. Екі жағдайда да зардап шеккендер жоқ.
❗ ТЖМ өрт қауіпті кезеңде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ескертеді.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...




