Астанада жөндеу жұмыстарына байланысты бірнеше көше уақытша жабылады

Астанада жол жөндеу жұмыстарына байланысты бірнеше көшеде қозғалыс уақытша шектеледі.
20–25 сәуір аралығында Ақан Сері көшесінің Тілендиев көшесінен Қараменді би Шакаулы көшесіне дейінгі бөлігінде жол жұмыстары жүргізіледі. Қозғалыс екі бағытта да жолдың бір жағымен ұйымдастырылады.
Сонымен қатар 20 сәуірден бастап Кенесары көшесінде — Сембинов көшесінен Сарыарқа даңғылына дейінгі аралықта — жөндеу жұмыстары басталады. Бұл учаскеде қозғалыс кезең-кезеңімен жабылады.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...




