Ақмола облысында Жолымбет — Пригородное жолында Chevrolet аударылып, үш адам қаза тапты

Ақмола облысында облыстық маңызы бар Жолымбет — Пригородное автожолында көлік аударылып, адам шығыны тіркелді.
Жол-көлік оқиғасы 19 сәуірде болған. Chevrolet маркалы автомобиль жолдан шығып кетіп, аударылған.
Оқиға нәтижесінде жүргізуші және екі жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Тағы бір жолаушы әртүрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Оның қорытындысы бойынша процестік шешім қабылданады.
Полиция өкілдері жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін жүргізушілерге жылдамдық режимін сақтау, әсіресе жүктемесі жоғары учаскелерде абай болу және көліктің техникалық жағдайын бақылау қажеттігін еске салды.
Сондай-ақ бұған дейін Алматы — Өскемен тасжолында болған ауыр жол апаты туралы хабарланған.
Оқи отырыңыз: Алматыда автобустар соқтығысты — видео.


