Қазақстан бокс құрамасы 2026 жылғы Әлем кубогының алғашқы кезеңін жеңіспен бастады

Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өтіп жатқан бокстан 2026 жылғы Әлем кубогының алғашқы кезеңінде Қазақстан құрамасы жарысты сәтті бастады. Турнирдің бірінші кезеңі бүгін, 20 сәуірде басталды.
54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 1/16 финал жекпе-жегінде қазақстандық боксшы Назым Қызайбай Түркия өкілі Айсен Таскинмен кездесіп, жеңіске жетті.
Раундтар бойынша есеп 5:0, 4:1, 4:1 Қызайбайдың пайдасына тіркелді. Қарсыласу қорытындысында қазақстандық боксшы төрешілердің бөлінген шешімімен — 4:1 есебімен жеңді.
Осы нәтижемен Назым Қызайбай жарыстың 1/8 финалына жолдама алды.
Жекпе-жектердің тікелей трансляциясын Panam Sports арнасының сайтынан және Бразилия бокс федерациясының YouTube арнасынан көруге болады.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, күндізгі сессия Қазақстан уақытымен 19:00-де басталды, ал кешкі сессия 21 сәуірге қараған түні 01:00-де басталады. Қызайбайдан бөлек, рингке Қазақстанның тағы төрт өкілі шығады.
Турнир 2026 жылғы 20–26 сәуір аралығында өтеді. Қазақстаннан бөлек, жарысқа 50-ден астам елден шамамен 400 боксшы қатысуы тиіс.


