Қазақстан құрамасының боксшылары Фос-ду-Игуасудағы Әлем кубогы кезеңінде финал мен жартылай финалға шықты

Фос-ду-Игуасуда (Бразилия) өтетін бокстан Әлем кубогы кезеңінде Қазақстан ұлттық құрамасының боксшылары финал және жартылай финалға шықты.
Жеребе қорытындысы бойынша 80 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық Валерия Аксёнова турнирдің финалына мерзімінен бұрын өтті. Бұл нәтиже оның Қазақстан қоржынына күміс медальды кемінде кепілдендіріп отырғанын білдіреді. Финалда Аксёнова Венгрия спортшысы София Ширамен кездеседі.
Сондай-ақ 80 келіге дейінгі дивизионда бақ сынайтын қазақстандық боксшы Жібек Жараскызы да жеребенің арқасында турнирдің бірнеше кезеңінен мерзімінен бұрын өтті. Ол алғашқы жекпе-жегін бірден жартылай финалда өткізеді, демек, кемінде қола медальды қамтамасыз етті. Финалға шығу үшін Жараскызы Польша боксшысы Эмилия Котерскамен жұдырықтасады.
World Boxing жариялаған Әлем кубогы кезеңінің толық жеребесі
Ерлер
- 1/4 финал: Султан Айбарулы — Пауоло Карусо (Италия);
- 1/4 финал: Санжарали Бегалиев — Саиджамшид Джафаров (Азербайджан);
- 1/8 финал: Даулет Толемисов — Исайас Фильо (Бразилия) ;
- 1/8 финал: Даниял Сабит — Иштван Сака (Венгрия);
- 1/16 финал: Диас Молжигитов — Кай Ториябе (Япония);
- 1/16 финал: Жансери Кошербаев — Джуд Галлахер (Ирландия);
- 1/16 финал: Фарух Токтасынов — Джон Макконнелл (Ирландия);
- 1/16 финал: Мухаммедсабыр Базарбайулы — Хассен Атиа (Тунис);
- 1/16 финал: Баглан Кенжебек — Жираир Саргсян (Армения);
Әйелдер
- Финал: Валерия Аксенова — София Сира (Венгрия);
- 1/2 финал: Жібек Жараскызы — Эмилия Котерска (Польша);
- 1/8 финал: Аида Абикеева — Виктория Жилкова (Чехия)/Мезмориз Андерсон (новая Зеландия) жұбының жеңімпазы;
- 1/8 финал: Виктория Графеева — Эмили Рзаева (Азербайджан);
- 1/8 финал: Алуа Балкибекова — Михаэла Бадеску (Румыния)/ Златислава Чуканова (Болгария) жұбының жеңімпазы;
- 1/16 финал: Назым Кызайбай — Айшен Ташкин (Турция).
Турнир 2026 жылғы 20–26 сәуір аралығында өтеді. Қазақстаннан бөлек, жарысқа 50-ден астам елден шамамен 400 боксшы қатысуы тиіс.
Сондай-ақ бұған дейін Қазақстанның жеңілмеген кәсіпқой боксшысы Сұлтан Заурбек IBF белбеуіне бірінші үміткер атану құқығы үшін жекпе-жек өткізетіні хабарланған болатын.


