Алматы — Өскемен тасжолында Талдықорған маңында болған жол апатынан 11 адам зардап шекті

Алматы — Өскемен автожолында, Талдықорған маңында ауыр жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан 11 адам зардап шекті.
Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде жарияланған. Осыған байланысты полициядан түсініктеме берілді.
Полиция мәліметінше, апат фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде 11 зардап шеккен адам медициналық мекемелерге жеткізілген.
Алдын ала дерек бойынша, Foton көлігінің жүргізушісі екінші жолақтан кері бұрылған кезде Mercedes-Benz Sprinter көлігімен соқтығысқан.
Оқиға орнында апаттың барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Полиция жол қозғалысына қатысушыларды қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды.
Бұған дейін Алматыдағы Күлжін трактінде жаппай жол апаты болған.
Сондай-ақ: Қарағанды облысында екі мотоциклдің қатысуымен болған жол апатында екі жүргізуші қаза тапты.


