Қазақстанда 3 қыркүйек — Тазы және төбет күні болып бекітілді

🐕 Қазақстанда жаңа естелік күн бекітілді — 3 қыркүйек енді Тазы және төбет күні ретінде аталып өтеді.

Үкімет мерекелік даталар тізбесіне тиісті өзгерістер енгізді. Бұл өзгерістер 28 сәуір 2026 жылдан бастап күшіне енеді.
Жаңа күн екі дәстүрлі қазақ тұқымына қатысты: тазы ертеден аңшылықта пайдаланылған, ал төбет малды қорғаушы ретінде саналған.
Бұл иттер елдің мәдени мұрасының маңызды бөлігі болып қала береді.
2024 жылы Халықаралық кинологиялық федерация тазыны алдын ала танып, Қазақстанға тұқым стандартының ұстаушысы мәртебесін бекітті.
Бұл жаңалық елде қаңғыбас жануарларға қатысты мәселе төңірегіндегі қызу талқылаулар жалғасып жатқан тұста жарияланды. Қоғамда панажайларда ұсталған иттерді 5–60 күннен кейін эвтаназиялауды көздейтін түзетулер талқылануда. Бастама зооқорғаушылардың қатаң реакциясын тудырды: олар жаппай ұйықтатуға қарсы петиция бастап, заң жобасынан бас тартуды және жануарларды стерилизациялау мен қайтару бағдарламасына (ОСВВ) қайта оралуды талап етуде.


