Ресейде азаматтардың банк аударымдарына бақылау күшейтіледі

Ресейде азаматтардың банк аударымдарына бақылау күшейтіледі.
Салық органдары тұрақты түсімдерді, бірдей сомадағы аударымдарды және жіберушілер санының көп болуын қадағалайды. Егер картадағы кірістер ресми көрсетілген табыстан айтарлықтай асып кетсе (мысалы, жылына 2,4 млн рубльден жоғары), түсініктеме сұралуы мүмкін.
Декларацияланбаған табыс үшін айыппұл қарастырылған, ал ауыр жағдайларда қылмыстық жауапкершілік те қолданылуы ықтимал. Бақылау аясында — репетиторлар, қызмет көрсету шеберлері, пәтер/үй жалға берушілер және әлеуметтік желілер арқылы сатушылар.
📢 Прямой эфир
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


