Шымкентте рация қолданған гастролер-пәтер ұрылары ұсталды

💰 Шымкент қаласында полиция қызметкерлері алдын ала ойластырылған схема бойынша әрекет еткен пәтер ұрыларының тобын анықтады.
Күдіктілер — Алматы облысынан келген үш азамат. Олар қала аумағында бірнеше рет ұрлық жасап үлгерген.
Тергеу барысында күдіктілердің қылмыс жасау үшін иелері үйде болмаған кезді пайдаланып, көбіне түнгі уақытта тұрғын үйге заңсыз кіргені белгілі болды. Қолды болған заттардың қатарында ақша мен алтын бұйымдар бар.
Топ жоспарды іске асыру үшін рация қолданған. Осы арқылы олар бір-бірімен үздіксіз байланыста болып, рөлдерді бөлісіп, жағдайды бақылап отырған.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктілердің барлығы ұсталып, қамауға алынды. Аталған жайттар бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
#ЗАҢМЕНТӘРТІП
📱 POLISIA.KZ


