Қызылордада 16 жастағы қыз зорлаған адамнан бала туған

Қызылордада 16 жастағы қыздың зорлық-зомбылық салдарынан жүкті болып, бір ай бұрын бала туғаны туралы ақпарат жарияланды.
Құқық қорғаушы Ляззат Ракишеваның айтуынша, 29 жастағы ер адам сыбайласымен бірге кәмелетке толмаған қызды күшпен көлікке отырғызып, пәтерге апарған. Онда қызды таңға дейін ұстап, зорлаған. Оқиға салдарынан қыз жүкті болып, бір ай бұрын сәби дүниеге әкелген.
Құқық қорғаушы сондай-ақ жас ананың күдіктінің туыстары тарапынан да, тергеу органдары тарапынан да психологиялық қысымға ұшырап отырғанын атап өтті.
Қызылорда облысының полиция департаменті сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын растады. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынған. Полиция тергеу жан-жақты әрі объективті жүргізілетінін мәлімдеді.
t.me/kriminal_kazakhstan
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


