Астана LRT 17 мамырда іске қосылады

Астана әкімінің орынбасары Ерсін Өтебаев «Астана LRT» жүйесінің алғашқы жолаушыларды қабылдайтын нақты күнін атады. Оның айтуынша, жүйе дайындық жұмыстарының соңғы кезеңінде, бұл шамамен екі күнге созылады.
«Бүгін бізде 15-і. Ертең дайындық жұмыстары тағы бір күн жалғасады. Бүрсігүні (LRT-мен жүре аласыздар — ред.)», — деді Ерсін Өтебаев тілшіге.
Осылайша, LRT жексенбі, 17 мамырда іске қосылады.
Бұған дейін City Transportation Systems (CTS) компаниясы «Астана LRT» станцияларының атаулары бар қозғалыс схемасын жариялаған болатын.
«Астана LRT» жүйесінде барлығы 18 станция болады, маршруттар қаланың басты іскерлік орталықтары мен тұрғын аудандары арқылы өтеді. Кейбір станцияларда атаулар пайда болды.
Платформаға өту үшін билет немесе көп реттік көлік картасын сатып алу қажет. Бір жол жүру құны 200 теңгені құрайды.


