Қазақстандағы сауда-саттықта доллар бағамы қандай болды: 14 мамыр

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 474,04 теңгені құрап, 6,18 теңгеге өсті. Ұлттық банктің 14 мамырдағы ресми бағамы 467,63 теңге деңгейінде белгіленді.
Алматы айырбас пункттеріндегі доллардың орташа бағамы: - сатып алу – 473,01 теңге; - сату – 475,48 теңге.
Астана айырбас пункттеріндегі доллардың орташа бағамы: - сатып алу – орташа 469,50 теңге; - сату – 476,50 теңге.
24 сәуірде Қазақстан Ұлттық банкі базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдағанын еске саламыз. Ол +/- 1 пайыздық тармақ дәлізімен жылдық 18 пайыз деңгейінде сақталды.
Кейін реттеуші басшысы Тимур Сүлейменов Ұлттық банк таяу болашақта базалық мөлшерлемені төмендету мүмкіндігін жоққа шығармайтынын мәлімдеді.
Бұған дейін Ұлттық банк сәуір қорытындысы бойынша теңге бағамы 3,1 пайызға нығайып, 463,09 теңгені құрағанын хабарлаған болатын. Бұл БЖЗҚ зейнетақы активтерінің валюталық үлесінің 40 пайыздан төмендеуіне әкелді. Тепе-теңдікті қалпына келтіру үшін реттеуші биржаға шығып, жарты миллиард доллардан астам сомаға шетел валютасын сатып алды.


