Қазақстан Ұлттық Банкі мен Моңғолия Банкі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының бірінші орынбасары Ерұлан Жамаубаев пен Моңғолия Банкі Төрағасы Санжаа Наранцогт ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Меморандум екіжақты өзара іс-қимылды дамытуға, тәжірибе мен ақпарат алмасуға, сондай-ақ екі орталық банк арасындағы институционалдық байланыстарды нығайтуға бағытталған.
🔹 Ынтымақтастықтың негізгі бағыттары:
- «жасыл» экономика саласындағы бірлескен зерттеулер;
- халықтың қаржылық сауатын көтеру;
- орталық банктер қызметіндегі үздік тәжірибелермен алмасу;
- лездік төлем жүйелерін дамыту;
- орталық банктердің цифрлық валюталарын енгізу және дамыту.
Аталған қадам қаржы жүйелерін тұрақты түрде дамытуға және озық шешімдерді енгізуге жаңа мүмкіндіктер ашатыны атап өтілді.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


