Жетысай ауданында мемлекеттік сатып алу арқылы алынған 28 пәтер бойынша 200 млн теңге бюджетке қайтарылды

Жетысай ауданының прокуратурасы жергілікті атқарушы органның тұрғын үй-жайларды сатып алу кезіндегі заңдылықты сақтауына талдау жүргізді.
Талдау қорытындысы бойынша, жергілікті атқарушы орган мемлекеттік сатып алу арқылы 28 пәтерді қабылдағаны анықталды. Аталған пәтерлерде сыртқы және ішкі құрылыс жұмыстары толық орындалмаған. Сондай-ақ пәтерлер техникалық талаптарға сәйкес келмеген.
Прокурорлық қадағалау актісі енгізілгеннен кейін, осы 28 пәтер үшін заңсыз төленген 200 млн теңге жергілікті бюджетке қайтарылды.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


