ТЖМ «Қазавиақұтқару» ұшқыштары Ақтөбе — Шалқар — Ақтөбе бағыты бойынша санитариялық рейс орындады

ТЖМ авиациясы кезекті ұшуды орындады

Бүгін күндіз ТЖМ-нің «Қазавиақұтқару» ұшқыштары кезекті санитариялық авиациялық рейсті жүзеге асырды.
Санитариялық авиация аясында науқасты медициналық мекемеге жеткізу үшін Ақтөбе — Шалқар — Ақтөбе бағыты бойынша ұшу орындалды.
Тікұшақ бортында науқасты медициналық бригада сүйемелдеп, ұшу барысында оның жағдайын бақылап, қажетті көмекті көрсетті.
Ұшу штаттық режимде өтті. Науқас уақытылы медициналық мекемеге жеткізіліп, әрі қарай ем алу үшін медицина қызметкерлеріне тапсырылды.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


