Ақмола облысында құтқарушылар балшыққа батып қалған көліктен үш адамды эвакуациялады

Ақмола облысында бүгін түнде Целиноград ауданында, Қабанбай батыр ауылынан 20 км жерде ТЖД күштері авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін оқиға орнына шықты.
Құтқарушылар балшыққа батып қалған жеңіл автокөліктен 3 адамды эвакуациялап, оларды Нұра ауылына жеткізді. Құтқарылғандар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.
Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласыңыз.
@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtubе
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


