Сәтбаев қаласында көпқабатты үйдің 5-қабатындағы пәтерде өрт шығып, адамдар құтқарылды


🔥 Сәтбаев қаласында өрт оқиғасы тіркелді. Ерденов көшесінде орналасқан 5 қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің 5-қабатындағы пәтерде өрт шықты.
🚒 Оқиға орнына ТЖД күштері мен құралдары жедел жетті. Өрт сөндірушілер келген кезде пәтерде жану байқалған. Дереу өрт сөндіру оқпандары беріліп, барлау жүргізіліп, өртті сөндіру жұмыстары басталды.
⛑️ Құтқару жұмыстары барысында жанып жатқан пәтерден пәтер иесі құтқарылды. Ол түтіннен улану белгілерімен ауруханаға жеткізілді.
Көрші пәтерден автосатының көмегімен 4 бала құтқарылды.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


