Өрт сөндірушілер «Көркем-3» кешеніндегі өртті кеш бастады деген ақпаратты жоққа шығарды

Астанада көпқабатты тұрғын үйде өрт шығып, қайғылы оқиға болды: үш бала қаза тапты. Олардың анасы қазір ауруханада ауыр жағдайда жатыр.
Әлеуметтік желілерде үй қақпасының алдында тұрған, кіреберісті бөгеп қалған көлік түсірілген видеолар тарады. Сондай-ақ құтқарушылар көлікті 20 минут бойы соққылап бұзбағандықтан, өртті сөндіруді кеш бастағаны туралы ақпарат айтылды.
Төтенше жағдайлар министрлігі әлеуметтік желілерде тараған бұл мәліметтерді жоққа шығарды.
«Пандусқа кіреберістің алдында тұрған жеңіл автокөлік аула аумағына тек биіктік техникасының кіруіне ғана кедергі келтірді, алайда өрт сөндірушілердің негізгі әрекеттеріне бөгет болған жоқ», — деп мәлімдеді ТЖМ.
Өрт сөндірушілердің айтуынша, олар өртті сөндіруге дереу кіріскен және осы әрекеттердің арқасында әйелді өрттен алып шыға алған. Алайда тараған улы көмірқышқыл газы балалар үшін қолайлы нәтижеге мүмкіндік бермеген.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


