Сот: Шайкежановқа 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды

Сотта 2025 жылғы наурызда Шайкежановтың қасақана әрекет етіп, қызметкер А.-ны дәрменсіз күйге түсіргені анықталды. Екеуі анықталмаған затты қолданған. Осыдан кейін Шайкежанов оның еркіне қарсы жыныстық қатынас жасаған.
Сот материалдарына сәйкес, ол өзінің ВИЧ-оң мәртебесін білген, соның салдарынан жәбірленушіні ВИЧ жұқтыру қаупіне әдейі ұшыратқан.
Айыпталушының тағылған әрекеттерді жасағаны іс бойынша жиналған дәлелдемелермен, жәбірленушінің көрсетулерімен және бейнежазбамен дәлелденген.
Айыпталушы кінәсін мойындамаған. Жәбірленуші жаза ретінде бас бостандығынан айыруды сұраған. Прокурор қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша 5 жыл 4 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған.
Сот ҚР ҚК 118-бабының 1-бөлігі бойынша (қылмыстық теріс қылық) айыпталушыны ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатты. Алайда ҚР ҚК 120-бабының 1-бөлігі (ауыр қылмыс) бойынша сот айыпталушыға 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.


