Алматы облысында Қайыңды көліне апаратын жолдың құрылысы басталды

Алматы облысында Қайыңды көліне апаратын жолдың құрылысы басталды. Қайыңды көлі өңірдегі ең көп баратын туристік нысандардың бірі ретінде аталады.
Қазір туристер көлге жол талғамайтын көліктермен жетіп, кейін жаяу жүріп барады. Өткен жылы көлге 200 мыңнан астам демалушы барған.
Әкімдікте жобаны іске асыру көлік қатынасының қолжетімділігін жақсартып, туристер үшін көлге баруды жайлырақ ететінін мәлімдеді.
Мердігер ұйым өкілі Ильяс Жанузаковтың айтуынша, қазір республикалық трассадан Қайыңды көліне дейінгі шамамен 10 шақырым жол салынып жатыр. Асфальтты жазда, шамамен маусым айында төсеу жоспарланған. Жоспарға сай болса, жұмысты қыркүйекке қарай аяқтау көзделіп отыр. Қазіргі кезеңде топырақпен жұмыс жүргізіліп, жер бедері тегістелуде — көтерілімдер мен еңістерді бірқалыпты әрі ыңғайлы ету мақсат етілген.


