Қазақстанда мопед жүргізушілеріне қойылатын талаптар күшейтілді: қанша адам құқық алды және қанша мопед тіркелді

2025 жылғы 5 сәуірден бастап Қазақстанда мопед жүргізушілері механикалық көлік құралдарының жүргізушілерімен бірдей жауапкершілік арқалайды. Бұл мопедті басқару үшін жүргізуші куәлігі қажет екенін білдіреді. Сонымен қатар көлік тіркеліп, мемлекеттік нөмірі болуы тиіс.
Қанша қазақстандық мопед жүргізуге құқық алды ІІМ-нің мәліметінше, бір жыл ішінде жүргізуші куәлігінің:
- А санатын — 3652 адам;
- А1 санатын — 3 141 адам алған.
Мопедті басқаруға басқа санаттағы жүргізуші куәліктері де, соның ішінде B санаты да жарайтыны еске салынды. Сондай-ақ бұл санаттағы құқықтар әртүрлі қуаттағы электрмотоциклдерді басқаруға да сәйкес келеді.
Бұған дейін мотокөлікті басқаруға құқық алу оңай емес екені айтылған.
Мемлекеттік корпорация "Азаматтарға арналған үкімет" дерегіне сәйкес, жыл басынан бері:
- А санаты бойынша теориялық емтиханды 1297 адам сәтті тапсырған, 1056 адам тапсырмаларды орындай алмаған;
- А1 санаты бойынша емтиханды 603 адам тапсырған, 592 кандидат тестілеуден өте алмаған.
Осылайша, мотокөлікке қатысты теорияны қазақстандықтардың шамамен жартысы бірінші реттен тапсыра алмайды.
Қанша мопед мемлекеттік нөмір алды ІІМ мәліметінше, бір жылда елде 30 248 мопед тіркелген.
Ұлттық статистика бюросының дерегіне сай, елде А1 санатындағы 46 079 көлік құралы бар.
Мопедті қалай тіркеуге болады және қандай құжаттар қажет Мопедті тіркеу үшін тұрғылықты жері бойынша арнайы ХҚКО-ға (спецЦОН) жүгіну қажет. Жеке басын куәландыратын құжаттарды электронды түрде көрсетуге болады және мопедтің техникалық құжатын немесе оның техникалық сипаттамалары туралы мәліметті ұсыну керек.
Одан кейін:
- өтініш толтырылады;
- мопедке тексеру жүргізіледі;
- мемлекеттік баждар төленеді: тіркеу үшін — 0,25 АЕК, тіркеу куәлігін беру үшін — 1,25 АЕК, мемлекеттік нөмір үшін — 1,4 АЕК.
Мопед жүргізушілерінің құқықбұзушылықтары Ережелердің қатаңдатылғанына қарамастан, мопед жүргізушілері арасындағы тәртіп пен жүргізу мәдениеті әлі де төмен деңгейде қалып отыр. 11–12 сәуір күндері Алматы облысында 438 әкімшілік құқықбұзушылық тоқтатылған.
Олардың қатарында:
- құжатсыз мотокөлік басқару;
- қорғаныш дулығасынсыз жүру;
- қарсы жолаққа шығу;
- жылдамдықты асыру;
- маневр жасау ережелерін бұзу.
Бұған дейін полиция мопедтегі курьерлер тарапынан болған құқықбұзушылықтар түсірілген кадрларды жариялаған.


