Түркістан облысында көпқабатты үйлер аулаларында өрт сөндіру техникасының кедергісіз өтуі тексерілді

Өрт сөндіру техникасының уақытылы жетуі — адам өмірін сақтаудың кепілі

Түркістан облысы ТЖД көп қабатты тұрғын үйлердің аумақтарында өрт сөндіру және басқа да арнайы техниканың кедергісіз әрі жедел жетуін қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуде.
Жүргізілген тексерулер барысында аула ішіндегі жолдардың тар болуы, автокөліктердің ретсіз тұраққа қойылуы және әртүрлі кедергілердің (бетон блоктар, қоршаулар және т.б.) орнатылуы өрт сөндіру техникасының қозғалысын қиындататыны анықталды.
Өрт немесе басқа да төтенше жағдай кезінде әрбір минут, тіпті секунд шешуші мәнге ие. Осыған байланысты тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, барлық анықталған заң бұзушылықтар бойынша тиісті шаралар қабылданды.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


