Қарағанды облысында 5 жыл халықаралық іздеуде болған 43 жастағы күдікті ұсталды

⚡️ Тайникте жасырынған: Қарағанды облысында 5 жыл бойы іздеуде жүрген қылмысқа күдікті ұсталды
Полиция жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ауыр қылмыс жасады деген күдікпен 43 жастағы ер адамды ұстады.
Күдікті 5 жыл бойы халықаралық іздеуде болған. Ол бопсалау дерегі бойынша күдікке ілінген.
Арнайы операция Қарағанды қаласының аумағында, жеке тұрғын үйлердің бірінде жүргізілген. Тінту кезінде полицейлер арнайы жабдықталған тайникті анықтап, іздеуде жүрген адамның сол жерде жасырынғанын тапқан. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам қала тұрғынын қорқыту арқылы 117 млн теңге бопсалауға қатысы болуы мүмкін. Күдікті ұзақ уақыт бойы құқық қорғау органдарынан бой тасалап, конспирация шараларын қолданған.
Қазіргі уақытта ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
#ЗАКОНИПОРЯДОК
📱 POLISIA.KZ


