Қарағандыда ер адам балалар алаңында балаға шабуыл жасады

Қарағандыда балалар алаңында балаға қатысты күш қолдану оқиғасы тіркелді.
12 сәуір күні Трудовая көшесіндегі №27 үйдің ауласында балалар арасында жанжал шыққан. Алайда жағдай балалардың біреуі ата-анасына қоңырау шалғаннан кейін ушыға түскен.
Оқиға орнына ересектер келген. Кадрларда әйел адамның баланы ұрысып тұрғаны, ал сол сәтте ер адамның баланы мойнынан ұстап, жерге лақтырып жібергені көрінеді. Соның салдарынан бала құлап, тұншыға бастайды.
Полиция департаменті оқиғаға қатысқан барлық адамдардың жеке басы анықталып жатқанын мәлімдеді.
t.me/kriminal_kazakhstan
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...

