Қарағандыда көліктен пышақ жарақаты бар 34 жастағы әйелдің мәйіті табылды

22 сәуірде Қарағанды қаласында Толепов көшесінде тұрған автокөліктердің бірінен пышақ жарақаты бар 34 жастағы әйелдің мәйіті табылды.
Осы факті бойынша «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 35 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады. Қазіргі уақытта ол ИВС-ке қамалды.
Қарағанды облысының полиция департаменті сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды.
t.me/kriminal_kazakhstan
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


