Қарағандыдағы пәтерден әйел мен кәмелетке толмаған қызының мәйіті табылды

Қарағанды қаласындағы пәтерлердің бірінен әйел мен оның кәмелетке толмаған қызының мәйіті табылды.
Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы оқиға 26 наурыз күні Крылов көшесіндегі тұрғын үйде болған. Пәтерден 38 жастағы әйел мен оның 12 жастағы қызының денесі анықталған.
Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, марқұмдардың денесінде зорлықпен өлтіру белгілері бар. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, болған жағдайдың барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-тергеу шараларының кешені жүргізіліп жатыр.
Ведомствоның хабарлауынша, болжамды күдіктінің жеке басы анықталған. Қазіргі уақытта оны ұстау бойынша шаралар қабылданып жатыр.
Көршілердің айтуынша, күдікті қаза тапқан әйелдің бірге тұратын ер адам болған.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


