Қарағандыда 38 жастағы әйел мен оның кәмелетке толмаған қызының мәйіті табылды

Қарағандыда 38 жастағы әйел мен оның кәмелетке толмаған қызының мәйіті табылды.
Полиция мәліметінше, қайғылы оқиға 26 наурыз күні Крылова көшесіндегі пәтерлердің бірінде болған. Қаза тапқандардың денесінен зорлықпен өлтіру белгілері анықталған.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктінің жеке басы анықталып, оны ұстау бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Көршілердің айтуынша, күдікті марқұм әйелдің бірге тұратын ер адам болған.
Қазіргі уақытта тергеу органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін кешенді жұмыстар жүргізуде.
t.me/kriminal_kazakhstan
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


