Алматыда аялдамада 66 жастағы әйелге шабуыл жасалды: күдікті ұсталды

Алматы тұрғыны әлеуметтік желіде Бостандық ауданындағы аялдамада оның 66 жастағы анасына жас жігіт шабуыл жасап, қатты соққыға жыққаны туралы жазба жариялады.
Жазба авторының айтуынша, жігіт айналада адам азайған сәтті күтіп, әйелге шабуыл жасаған.
«Ол артынан келіп, айналада ешкімге жуық адам қалмағанын күтіп, еш себепсіз оны қатігездікпен, аяусыз ұра бастады. Қазір анам ауруханада. Жағдайы өте ауыр. Бұл видеоны көру қиын. Бірақ оны көру керек. Мен мұны қаралым үшін жариялап отырған жоқпын. Бұл туралы мүмкіндігінше көп адам білгенін қалаймын», — деп жазды ол.
Қыздың айтуынша, полиция арызды қабылдап, тергеуді бастаған.
Алматы қалалық полиция департаменті әйелге жасалған шабуыл фактісі бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.
Полицияның мәліметінше, қылмыс «ізін суытпай» ашылған. Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде күдіктінің жеке басы анықталып, ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қазір болған оқиғаны жан-жақты әрі объективті тергеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Полицейлер сондай-ақ жазаның бұлтартпастығы қағидаты ішкі істер органдары жұмысының негізгі ұстанымдарының бірі екенін еске салды.
Бұған дейін Павлодарда ер адам қарт әйелге шабуыл жасап, оны тонауға әрекеттенген. Полицейлер оны ұстаған.


