Қарағандыда халықаралық іздеуде болған ер адам ұсталды: үйден ваннаның артындағы жасырын орын табылды

Қарағандыда халықаралық іздеуде шамамен бес жыл болған ер адам ұсталды. Ол ірі көлемдегі ақша бопсалады деген күдікке ілінді.
Не болды Өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 43 жастағы күдікті жедел-іздестіру іс-шаралары барысында анықталып, ұсталған. Арнайы операция Қарағандыда жеке үйлердің бірінде өткен.
Ерекше жасырын орын Полицияның хабарлауынша, үйді тінту кезінде төменгі бөлігінде шағын есігі бар ванна табылған. Бұл құқық қорғаушылардың назарын аударған. Алғашында оның артында кәдімгі жасырын орын бар деп болжанған, алайда ваннаның артындағы қуыс жерасты орынға апарып, сол жерде іздеуде жүрген адам жасырынған.
Ол жерге тек еңбектеп кіруге болған: паналайтын орынға кіреберістің ені мен биіктігі шамамен жарты метр болған.
«Ол осы паналайтын орынға еңбектеп кіріп, жерасты ішінде төсегі мен барлық қажетті заттары болған. Ер адам жасырына алатын толыққанды бөлме. Сырттай қарасаң, ванна — ванна. Ал артында толыққанды жасырын орын», — деді Қарағанды облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қуаныш Орынбетов.
Күдіктінің қазіргі жағдайы Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам қала тұрғынынан қорқыту арқылы 117 миллион теңге бопсалады деген күдікке ілінген.
«Күдікті ұзақ уақыт бойы құқық қорғау органдарынан бой тасалап, құпиялану шараларын қолданған», — деді Қуаныш Орынбетов.
Қазіргі уақытта ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Сондай-ақ: Ақтауда полициядан қашқан күдіктіні ұстаудың ерекше сәті видеоға түсіп қалған.


