«Ауыл құтқарушылары» Абай облысының ауылдық аумақтарында өрт қауіпсіздігін күшейтуге үлес қосуда

Абай облысында ауылдық жерлерде өрт қауіпсіздігін күшейту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде. Негізгі бағыттардың бірі — Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әріновтің бастамасымен жергілікті атқарушы органдар құратын «Ауыл құтқарушылары» ерікті өрт сөндіру пункттерін дамыту.

2025 жылдың басынан бері облыстағы ерікті өрт сөндіру пункттері өз тиімділігін іс жүзінде растады. Олар:
- өз күштерімен 60 өрт пен жануды жойды;
- мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерімен бірлесіп тағы 128 өртті сөндірді.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


