Ақтөбедегі өрт кезінде өрт сөндірушілер 10 газ баллонын қауіпсіз жерге шығарды

Ақтөбе қаласы, Алматы ауданы, Ақтан Кереұлы көшесінде орналасқан жеке тұрғын үй аумағындағы шаруашылық құрылыста өрт шықты. 🔥

Оқиға орнына ТЖМ күштері жедел жетті. Өртті сөндіру барысында өрт сөндірушілер ықтимал ауыр салдардың алдын алу үшін үйлесімді әрі жедел жұмыс жүргізді. ✅
Жақын маңда орналасқан металл контейнерден көлемі 30 және 60 литрлік 10 газ баллоны шығарылды.
Құтқарушылардың кәсіби әрекеттері өртті толық сөндіруге мүмкіндік берді. 🧑🚒 Зардап шеккендер жоқ.
Өрттің шығу себептері анықталуда.
Төтенше жағдайлар министрлігі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау және шаруашылық құрылыстар мен газ жабдықтарының жағдайын уақтылы бақылап отыру қажеттігін ескертеді. ❗
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


