Ақтөбеде 6 қабатты әкімшілік ғимараттың шатырындағы өрт сөндіріліп жатыр

Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылында орналасқан 6 қабатты әкімшілік ғимараттың шатырындағы өртті осы сәтте ТЖМ құтқарушылары сөндіруде.
Оқиға орнына 5 минут ішінде ТЖД күштері мен құралдары жедел түрде келіп жетті. Дереу өрт сөндіру оқпандары беріліп, өртті толық жою бойынша барлық шаралар қабылдануда. Судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді.
Қазіргі уақытта адамдарды эвакуациялау жүргізілуде.
Оқиға орнында жедел штаб құрылды. Қазіргі уақытта 112 нөміріне зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtubе
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


