Елордада Нұра ауданындағы 10 қабатты үйдің электр қалқанында өрт сөндіріліп жатыр

ТЖМ өрт сөндірушілері өртті сөндіруде
🔥 Осы сәтте елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданындағы Құлтегін көшесінде орналасқан он қабатты тұрғын үйдің электр қалқанындағы өртті сөндіруде.
🚒 Алғашқы бөлімшелер келген кезде подъезде қою түтін байқалды.
🚨 Өрт сөндіру оқпандары жедел түрде берілді, өртті толық сөндіру үшін барлық шаралар қабылдануда. Судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді. Тұрғындарды эвакуациялау жүргізілуде.
Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Зардап шеккендер туралы ақпарат 112 қызметіне түскен жоқ.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


