Петропавлда Урожайная көшесіндегі төрт пәтерлі үйдің верандасында өрт шығып, 7 адам эвакуацияланды

🔥 Петропавл қаласында Урожайная көшесінде орналасқан төрт пәтерлі тұрғын үйдің верандасында өрт шықты.
ТЖМ бөлімшелерінің жедел әрекеті мен үйлесімді жұмысының арқасында ғимараттан 7 адам, оның ішінде 1 жасөспірім қауіпсіз жерге эвакуацияланды. Бұл ықтимал қайғылы жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік берді.
Өрт қысқа уақыт ішінде толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себептері анықталуда.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


