ТЖМ құтқарушылары Мыңбұлақ ауылындағы өрт кезінде екі газ баллонының жарылуының алдын алды

Түркістан облысы, Бәйдібек ауданына қарасты Мыңбұлақ ауылында жеке тұрғын үй аумағындағы шаруашылық құрылыста өрт шықты.
Өртті сөндіру барысында, ашық жалынға, қою түтінге және жоғары қауіпке қарамастан, ТЖМ құтқарушылары жанып жатқан аумақтан екі газ баллонын жедел түрде алып шықты.
Баллондар су ағынымен дер кезінде салқындатылып, ықтимал жарылыстың және ауыр салдардың алдын алуға мүмкіндік берді.
Өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


