Қостанайда блогердің қатысуымен болған төбелес видеосы тарады: полиция қылмыстық іс қозғады

Әлеуметтік желілерде блогердің қатысуымен болған қатыгез төбелестің видеосы жарияланды. Оқиғаға қатысты пікірді полиция өкілдері айтты.
Не болды Қостанайда блогер қызды ұрған. Бұған дейін ол аутизм спектрінің бұзылыстары және онкологиялық аурулары бар балалардың аналарына қатысты айтқан сөздері үшін айыппұл төлеген.
Роликтердің бірінде ол балалардың ауруларын ата-аналардың өмір салтымен байланыстырған. Бұл жолы жанжал әлеуметтік желіден тысқа шығып, блогердің қатысуымен болған төбелес видеосы соцжелілерде кең тарады.
Жарияланған кадрларға қарағанда, төбелеске блогердің туыстары да қатысқан.
Полиция не дейді Қалалық полиция барлық қатысушылардың оқиға орнында ұсталып, бөлімшеге жеткізілгенін хабарлады.
"Алдын ала анықталғандай, екі қыз арасындағы жанжал әлеуметтік желідегі тікелей эфир кезінде басталған. Қарым-қатынасты анықтау жеке кездесуде жалғасып, төбелеске ұласқан. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу нәтижесі бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес әр қатысушының әрекетіне құқықтық баға беріліп, процессуалдық шешім қабылданады", — деді Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Индира Нуруева.
Сондай-ақ әйел полиция бөлімінен видео жариялаған, алайда кейін оны өшіргені атап өтілді.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде блогердің даулы видеосы тараған еді. Ол ерекше балалардың ата-аналарының наразылығын тудырған. Сот блогердің кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеп отырғанын жеңілдететін мән-жай ретінде танып, құқық бұзушылықтың сипатын ескере отырып, әйелге 20 АЕК (78 640 теңге) мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жаза тағайындаған.


