Алматыда Желтоқсан мен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында ағаш құлап, жолды жауып қалды

Алматыда Желтоқсан және Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында ағаш құлағаны туралы хабар түсті.
МЧС мәліметінше, 16 сәуір күні сағат 12:08-де кезекші-диспетчерлік қызметке шақырту түскен. Оқиға Алмалы ауданында, Қабанбай батыр мен Желтоқсан көшелерінің бұрышында болған.
Ведомствоның хабарлауынша, апатты ағаш жолдың жүру бөлігіне құлап, қозғалысқа кедергі келтірген. Жолды тазарту үшін оқиға орнына құтқару қызметінің мамандары жедел түрде жіберілген.

Қазіргі уақытта ағашты аралап кесу және аумақты тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Зардап шеккендер жоқ, қойылған көліктерге зақым келмеген.
Әкімдік мәліметінше, салдарын жою үшін оқиға орнына 8 техника және 15 қызметкер жіберілген.
МЧС штормдық ескерту кезінде жүргізушілерге мүмкіндігінше көліктерін ағаштардың астына қалдырмауға кеңес берді.
Бұған дейін Алматы тұрғынының көлігіне ағаш құлағаны туралы да айтылған.
Сондай-ақ: «Көлікке ағаш құласа не істеу керек: нұсқаулық».


