Кишон Дэвис Жанкош Тураровпен спарринг өткізіп, қазақстандықтардың күшін қазы жеумен байланыстырды

IBF Inter-Continental нұсқасы бойынша жеңіл салмақтағы әлем чемпионы Кишон Дэвис Қазақстанның экс-әлем чемпионы Жанкош Тураровпен спарринг өткізді. Жаттығудан кейін қазақстандық боксшы қарсыласымен болған әңгімедегі ерекше пікірді әлеуметтік желіде бөлісті.
Тураровтың айтуынша, спаррингтен кейін Дэвис қазақстандық спортшымен жақын танысып, оның күшінің себебі туралы өз болжамын айтқан.
«Спаррингтен кейін біз дос болып кеттік, ол: “Сендер, қазақтар, жылқы жейтіндіктен күштісіңдер”, — деді», — деп жазды Жанкош әлеуметтік желіде.
Жанкош Тураров соңғы жекпе-жегін өткен жылдың қыркүйегінде Алматыда өткізген. Бұрынғы әлем чемпионы төрешілер шешімімен Филиппин өкілі Али Канегуды жеңген.
Қазір ол АҚШ-та жаңа жекпе-жекке дайындықты жалғастырып жатыр. Қарсыласы мен күні әзірге белгісіз.
Қазақстандық спортшылардың күшін жылқы етімен байланыстыратын пікірлер бұған дейін де айтылған. ММА жауынгерлерінің менеджері Нурбек Карабала Шавкат Рахмоновтың күшін ішінара «ол қымыз ішіп, жылқы етін жейтіндігімен» түсіндірген.

Сондай-ақ Қазақстанға көшіп келген бразилиялық аралас жекпе-жек шебері Дуглас Рибейро өз елінде жылқы етін жемейтінін, бірақ өзі бұл етті ұнатып қалғанын айтқан.
Бұған дейін қазақстандық боксшы, IBO нұсқасы бойынша бірінші жартылай орта салмақтағы экс-әлем чемпионы Жанкош Тураров Жанибек Алимханулының допингке қатысты жағдайы туралы пікір білдірген.


