ІІМ-де Қазақстанның халықаралық аренадағы спортшыларын марапаттады 🥇

🥇 ІІМ-де Қазақстанның халықаралық аренадағы спортшыларын марапаттады

Ішкі істер министрі Ержан Саденов халықаралық жарыстарда ел намысын абыроймен қорғап, Қазақстанды лайықты танытқан спортшыларды марапаттады.
Марапатталғандар қатарында ІІМ-нің “ARLAN” спорт клубының мүшелері — боксшылар Нұрбек және Айбек Оралбай бар. Олар Ұлан-Батырда өткен бокстан Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Сондай-ақ Қазақстанның ұлттық құрамасы жалпыкомандалық есепте 13 медальмен бірінші орын иеленіп, жоғары нәтиже көрсетті.
Бішкекте өткен күрестен Азия чемпионатында Гүлмарал Еркебаева Оңтүстік Корея өкілін жеңіп, қола медаль алды.
Жоғары көрсеткішті ведомство қызметкерлері де көрсетті: ІІМ СК өкілдері күш құрылымдары арасында өткен қазақ күресінен Қазақстан Республикасы чемпионатында жалпыкомандалық есепте ІІМ бірінші орынды иеленіп, 8 мүмкін медальдің 4-еуін алтын ретінде жеңіп алды.
Өз салмақ дәрежелерінде чемпион атанғандар:
- 55 кг дейін — Архат Баймырзин
- 82 кг дейін — Мади Амангельди
- 90 кг дейін — Еламан Қойшыбаев
- 100 кг-нан жоғары — Санжар Жабборов
Министр спортшыларға арнаған сөзінде олардың еңбегі, табандылығы мен рух күшін атап өтіп, Қазақстанды халықаралық аренада лайықты танытып жүргенін айтты. Ол алдағы уақытта да табыс, жаңа жетістіктер мен жарқын жеңістер тіледі.
ІІМ-нің “ARLAN” клубының спортшылары бұдан әрі де ведомство мен ел намысын ірі республикалық және халықаралық жарыстарда қорғап, ішкі істер органдары қызметкерлерінің жоғары дайындық деңгейі мен жауынгерлік рухын дәлелдей беретіні айтылды.
📱 POLISIA.KZ


