Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға жұмыс сапарымен барады

Ертең Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Реджеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркияға жұмыс сапарымен барады.
Сапар барысында Қазақстан Президенті Анталия дипломатиялық форумының ашылуына қатысып, панельдік сессияда сөз сөйлейді. Сондай-ақ бірқатар екіжақты кездесулер өткізу жоспарланған.
Антальядағы форум — жыл сайын өтетін жоғары деңгейдегі халықаралық пікірталас алаңы. Оған саяси көшбасшылар, дипломаттар, сарапшылар, бизнес, медиа және азаматтық қоғам өкілдері қатысады.
https://t.me/chinovnik_kz
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


