Қасым-Жомарт Тоқаев Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты.
Тоқаев “Mapping Tomorrow, Managing Uncertainties” тақырыбындағы панельдік сессияға қатысты.
Іс-шараның модераторы ретінде Түркия Республикасы Парламентінің депутаты, бұрынғы сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу сөз сөйледі.
Панельдік сессия барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанның рөлін ерекше атап өтіп, оның басшылығымен Түркияның халықаралық қатынастардағы беделді қатысушы ретіндегі ұстанымын нығайтып отырғанын айтты.
“Прежде всего я хотел бы отметить ведущую роль, которую играет в этой части мира Турция под руководством выдающегося лидера Реджепа Тайипа Эрдогана. Считаю, что наши страны могут сыграть очень позитивную, я бы сказал, значительную роль в решении наиболее острых проблем, которые, к сожалению, периодически возникают в нашем регионе. Пользуясь случаем, хотел бы отметить, мы с нетерпением ожидаем приезд Президента Эрдогана с государственным визитом в Казахстан в следующем месяце”, – сказал Касым-Жомарт Токаев.
Бұған дейін “Mapping Tomorrow, Managing Uncertainties” тақырыбындағы көшбасшылардың панельдік пікірталасына Солтүстік Македония Президенті Гордана Силяновска-Давкова және Грузияның премьер-министрі Ираклий Кобахидзе қатысатыны да хабарланған болатын.


