Жетісу облысында патрульдік полицейлер жол бойындағы Mazda көлігіндегі өртті дер кезінде сөндірді 🔥

Жетісу облысында патрульдік полиция қызметкерлері жол бойында көліктен шыққан өртті дер кезінде сөндіріп, адамдарды құтқарды 🔥.
Оқиға Алғабас ауылы маңында болған. Патрульдеу кезінде сақшылар жол жиегінде тоқтаған Mazda көлігінің астынан түтін шыққанын байқайды.
Инспекторлар Жандос Берліқожанов пен Кервен Рымжан өрттің күшейгеніне қарамастан, бірден әрекет етіп, қолда бар құралдармен өртті сөндіруге кіріскен. Сонымен қатар олар адамдарды қауіпті аймақтан шығарып, қауіпсіз жерге жеткізген.
Кейін полицейлер жедел жәрдем мен өрт сөндірушілерді шақырып, олар келгенше жағдайды бақылауда ұстап, жол қозғалысын реттеген. Сондай-ақ зақымданған көлікті жүріс бөлігінен тыс жерге жылжытқан.
Тәртіп сақшыларының жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында ешкім зардап шеккен жоқ. Полицейлердің айтуынша, олар тек өз міндетін орындаған, ал ең бастысы — адамдардың қауіпсіздігі.
#БІЗДІҢПОЛИЦИЯ
#НАШАПОЛИЦИЯ
📱 POLISIA.KZ


