Алматы зоопаркіндегі оқиға: тәртіп бұзған азамат жауапкершілікке тартылды

📹 Алматы зоопаркіндегі оқиға: тәртіп бұзған азамат жауапкершілікке тартылды
Әлеуметтік желідегі ақпараттық кеңістікті мониторингтеу барысында Алматы зоопаркі аумағында қоғамдық тәртіптің бұзылғаны тіркелген бейнематериал анықталды.
Видеожазбада жас жігіттің арыстан тұрған вольер жаққа тасқа ұқсас зат лақтырғаны көрсетілген. Осы әрекеті арқылы ол қоғамдық тәртіпті және қоғамдық нысан аумағындағы мінез-құлық қағидаларын бұзған.
Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде тәртіп бұзушының жеке басы анықталып, ол анықтау үшін полицияға жеткізілді.
Аталған дерек бойынша оған қатысты ұсақ бұзақылық фактісімен әкімшілік іс жүргізу қозғалды.
Істі қарау қорытындысы бойынша Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты азаматты кінәлі деп танып, жауапкершілікке тартты.
#ЗАКОНИПОРЯДОК
📱 POLISIA.KZ


