Күлжін тас жолында бес көлік қатысқан жаппай жол апатының видеосы тарады

Күлжін тас жолында жаппай жол-көлік оқиғасының кадрлары әлеуметтік желіде пайда болды.
Кадрларға қарағанда, тізбекті соқтығысқа бірден бес автокөлік түскен. Полиция мәліметінше, Mitsubishi жүргізушісі жол қозғалысы ережелерін бұзып, соның салдарынан жол апатына себеп болғаны үшін жауапкершілікке тартылған.
Ескерту: видеода нормативтен тыс лексика бар.
Алдын ала деректер бойынша, апат Алматы – Көкпек – Көктал автожолының 32-шақырымында болған. Mitsubishi жүргізушісі Toyota Carina E көлігімен соқтығысқан.
Соққыдан кейін Toyota инерциямен Volkswagen көлігіне соғылып, одан соң Toyota Camry және Audi көліктерімен соқтығыс болған.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан тек автокөліктер механикалық зақым алған. Жүргізушілер мен жолаушылар арасында зардап шеккендер жоқ.
Бұған дейін Шымкентте тойдың қамауға алулармен және айыппұл тұрағымен аяқталғаны туралы хабарланған еді.
Сондай-ақ Алматыда жаңбыр салдарынан көліктердің «жүзіп» жүргені түсірілген видео жарияланған болатын.


